Соңғы хатта не жазылған? Ішкі істер органында 13 жыл жұмыс істеген полицей өзіне қол салды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: @informburo31kanal?sub_confirmation=1
---------------------------------------------
Түркістан облысында полиция қызметкері өзіне қол салған. Ішкі істер органында 13 жыл жұмыс істеген Ратбек Жүзеев қоштасу хатын да қалдырған екен. Бір парақ қағазда оның өліміне бастығының кінәлі екені жазылған. Бірақ соған қарамастан күдікті анықталмай жатыр дейді марқұмның жақындары. Қара жамылған отбасы арада екі ай өтсе де тергеу сағызша созылып, майордың қазасына қатысты мардымды жауап ала алмадық деп ашынады.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Бүгінгі шығарылымда:
Тоқтар Назарбеков пен Қаршыға Жүзеева Ордабасы ауданында өзіне қол салып қайтыс болған полицейді іздеп тапқан. Марқұм Ратбек Жүзеев кешірім сұрап қарындасына хат жазып, мекенжайды жіберген екен. Содан бір сұмдықты сезген ерлі-зайыптылар көрсетілген жерге жарты сағатта келгендерін айтады.
ТОҚТАР НАЗАРБЕКОВ, марқұмның туысы:
– Кітапша былай жайылып тұрды да. Уже мен сразу түсіндім. Ана жерден қарағанда куртка ілініп тұрғандай болды. Жаңағы курткамыз ағамыз болып шықты ғой. Жарты сағаттай кешігіп қалдық. Өйткені әлі денесі жылы еді ол кезде.
Марқұм қоштасу хатын қалдырған екен. Ол жерде мұндай қадамға баруына бастығым кінәлі деп жазады. Бірақ асты сызылып, анық көрсетілген бұл ақпарат та ештеңеге дәлел болмады дейді Ратбек Жүзеевтің анасы.
ГҮЛЖАМАШ ЖҮЗЕЕВА, марқұмның анасы:
– Кінәлі адам әлі жүр жұмыс істеп, ешқандай жаза қолданылған жоқ.
Қара жамылған отбасы ұлдарына басшылық тарапынан қысым көрсетілгеніне сенімді. Айтуларынша, өзіне қол салардан бір күн бұрын әріптесі Ратбектің әкесін шақырып баласына қатысты қылмыстық іс қозғайтынын айтқан. Ал, ертеңінде өзен жағасынан өлі күйінде табылыпты.
ӘЗЕРТАЛЫ ЖҮЗЕЕВ, марқұмның әкесі:
– Келгеннен кейін мен баламнан сұрадым не жағдай болып жатыр деп? Әкесіне қару істеп бергенмін. Нағашысына қару істеп бергемін. Сол нәрсенің бәрін мен тегін істеп бергенмін. Протокол ішкендерді, лешениеге кеткендерді протоколын жоқ қылып, ақшасын маған әкеп бер деді. Мен ол тірлікті істей алмаймын дедім. Балам қатты қысым көрген ғой енді. Қысым көрмесе осындай жағдайға жетер ме еді ол?!
Мәсленің мән-жайын білу үшін полиция бөліміне де бардық. Бірақ бастық әкіммен кездесуде жүр екен. Оның орнына сұхбат беруге баспасөз хатшысы да шықпады.
Түркістан облысының полиция департаменті “өзін-өзі өлтіруге итермелеу“ бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр деп қысқа қайырды. Бұл істе күдіктінің бар-жоғы әзірге белгісіз. Айта кетейік, 13 жылда учаскелік полицейден әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қызметіне дейін көтерілген Ратбек Жүзеевтің артында екі ұлы мен бір қызы қалды. Көзі тірі болғанда атпалдай азамат келесі апта 34 жасқа толар еді.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 @informburo31kanal
Informburo kz @informburokz2022
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok - @informburo31?_t=8jqWjxPD6n8&_r=1
Біздің сайт: және
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
1 view
136
36
1 month ago 00:04:02 1
Ich hatt einen Kameraden [German soldier funeral song][+English translation]
1 month ago 00:03:35 1
VON WELT - Niemand ist eine Ewigkeit (Offizielles Musikvideo)
2 months ago 00:09:31 1
Tiễn Phi Nhung. Món quà mừng sinh nhật bạn tôi Nguyễn Hữu Bảo 27/10/1995 (mãi tuổi 27).
2 months ago 02:54:31 1
EndSound 2023 Kitshi @ Zeit zur Aufarbeitung Deutschland Österreich Schweiz MEGAMIX (zensiert)