1 ыркйекте президент халыа жолдау жасайды

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаев оны Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияламақ. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады. Айта кетейін, 2019 жылдың 20 наурызында Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауын сол жылдың 2 қыркүйегінде жариялаған болатын. Ол “Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі“ деп аталды. Алғашқы жолдауда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктелген еді.
Back to Top