Қос шаһар карантинге жабылады деген ақпар шыға сала, алматылықтар мен нұр-сұлтандықтар жаппай вокзалдарға ағыла бастады. Бірі бәлесін аулақ деп, басқа өңірге кетейін десе, өзгесі алдын-ала алып қойған билетін тапсырып әлек. Алайда теміржол қызметкерлері мұншама адамның келетініне дайын болмаған сыңайлы. Жұрттар кезекте сағаттап тұруға мәжбүр. Ал ажиотажды пайдаланған әуе компаниялары ұшақ билеттерін екі-үш есе қымбат бағаға сатып жатыр екен. Қалааралық таксистер де қызметтерінің құнын удай қылған. Карантинмен бірге келген коллапс жайында әріптесімнің сюжетінен көріңіз.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!