Алимент төлемеген азамат үшін ата-анасы жауап береді! Яғни, немересінің алдындағы қарызды ата-әжелер төлейді. Қарт құрлықтағы Италияда тәртіп солай екен. Перзентінің алдындағы парызын өтемеген ұлдары үшін қартайса да, ата-анасы қоғам алдында қызарады. Осы тәжірибені бізге де қолдансақ қайтеді дейді Әділет министрі. Марат Бекетаев қоғамның бұл ұсынысты қалай қабылдайтынын алдымен бақылап көрмекші. Ал жеке сот орындаушылар мемлекеттік қор құруды мақсат етіп отырған сияқты.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!