Киелі Тараз қаласынынан келген, Электроэнергетика факультетінің тағы бір бойжеткені – Қалдыбек Айсұлу. Бос уақытын ән шырқап, кітап оқып өткізгенді ұнатады. Актриса болуды армандайтын ол, Анджелина Джолиді пір тұтып, Леонардо Ди Каприоның актерлік шеберлігіне тамсанады.
Айсұлу АЭжБУ сахнасында бірнеше рет өнер көрсетіп көрген. Негізі ол «АЭжБУ Аруы» байқауына өткен жылы қатысқысы келген екен, бірақ жеке себептермен биылға шегеріпті.
Сүйкімді әрі айдай сұлу Айсұлуға барлық сайыстардан сүрінбей өтуіне, толағай жеңістерге жетуіне тілектеспіз!