СОЫР СЕНІМ СЕРГЕЛДЕІ

СОҚЫР СЕНІМ СЕРГЕЛДЕҢІ Ербол Әбенов бірінші топ мүгедегі. Жасында жарақат алып, екі көзі бірдей суқараңғы болып қалған. Қиындыққа көндіге алмай, қоғамға кектенді. Түнектен алып шығар сәулені бүлікшілер ордасынан іздеді. Шам жерінде қарға - құзғынға жем болған мүрделердің арасынан зұлымдықты дәріптеді. Ол ардан айрылған, арам дүниеге қайрылған, жетесіз тобырдың сапына адам тартты. Сол бейнеролик сотта оның қылмысын дәлелдеген айғақ болды. Ислам - терроризмге қарсы дін. Басты құндылығы - адам, даналық, мейірім. Ал, Таяу Шығыста шатақ шығарған псевдосалафизмнің дінге қатысы жоқ. Сыртқы күштердің саусағына маталған ағым - буквализмге негізделген. Аят-хадистердің астарына, мақсат - мұратына үңілмейді. Терминдерді бұрмалап, діни сананы бөлшектейді. Сол арқылы қоғамды жікке бөлді.
Back to Top