Ұзақ қарап тұрсаң егер жаңбырға -
бір тамшының көлеміне сыяр күн:
...Тіл тигізіп көргенім жоқ тағдырға,
Тəңірімнен ұялдым.
Жер бетіне тамшылармен тамар күн -
шұғыласы секілденіп қиялдың:
...Жамандығын айтқаным жоқ жаманның,
Жақсылардан ұялдым.
Əр тамшыға сыңар еттім сезімді,
Содан оны жүрегіме құя алдым:
...Сұлулардан алып қаштым көзімді -
Сүйген жардан ұялдым.
Періштедей енген таңғы түсіме,
Табиғаттан таңғажайып сый алдым:
Қатты дауыс көтермедім кішіге -
Үлкендерден ұялдым.
Биіктен кеп, батып жатты тереңге -
Соны көріп, өлімді еске жиі алдым:
...Мен өтірік айтқаным жоқ өлеңге -
Болашақтан ұялдым.
25 views
2295
870
3 months ago 01:01:54 1
Ерлан мен Тоқтарәлінің жаңа романы, ұйқас пен ұйқассыздық, көп жазу мен аз жазу
1 year ago 00:03:39 1
Мейрамбек Бесбаев - Сағынып үлгердім сені
3 years ago 00:03:25 1
«Тәуелсіздік: Сөз бен сурет» онлайн байқауы| 2-кезең| І ОРЫН| ақын Ерлан Жүніс
5 years ago 00:01:52 89
Ерлан Жүнiс.Оқыған Нұркен Ɵтеуiл.
5 years ago 00:01:45 28
Ерлан Жүніс “Уақыт баяу“ \ Өлең - сөздің патшасы \ Асыл арна
6 years ago 00:02:29 1
Ерлан Жүніс “Ұзақ қарап тұрсаң егер ...“ \ Өлең - сөздің патшасы \ Асыл арна
6 years ago 00:02:08 2
Бейнепоэзия №9 - Ерлан Жүніс
6 years ago 00:05:00 76
«Алғашқы...» - Ерлан Жүніс /Yerlan Zhunis/
6 years ago 00:00:43 44
“Alǵashqy“ - Ерлан Жүніс
11 years ago 00:01:15 49
Ертең Астанадағы Ұлттық кітапханада «twinbook», яғни «егіз кітаптың» тұсаукесері өтеді