Ебек шарты НЕ ШІН КЕРЕК

Еңбек шарты бұл жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жұмысқа тұру кезінде жасалатын, бұл тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жұмыс жағдайларын анықтайтын жазбаша келісім. ҚР Еңбек Кодексінің 24 бабына сәйкес: «Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді». Яғни, бұл сіздің жұмыс берушіге деген қатыстылығыңызды анықтайтын құжат. Ол еңбек заңнамасымен қамтамасыз етілген құқықтарыныз бен кепілдіктеріңізді қамтамасыз етеді.
Back to Top