ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ Ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының 130 жылдық мерейтойына орай аудан әкімінің кубогы үшін шағын футбол

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ Ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының 130 жылдық мерейтойына орай аудан әкімінің кубогы үшін шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешов жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Аталмыш жарысқа қатысып, бақ сынаған Қазақстан-Қызылорда телеарнасы командасы I орынды жеңіп алды. Аудан әкімдігінің командасы II орынды иеленсе, Республикалық БАҚ қызметкерлері командасы III орынға ие болды. Сондай-ақ үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды. Ауылдық округ әкімдерінің командасы ынталандыру жүлдесін иеленді. Аудан әкімі М. Оразбаев марапаттау рәсіміне қатысып, жеңімпаз және жүлдегер командаларға сыйлықтарын табыстады. Жарысқа катысқан командалар аудан әкімінің алғыс хатымен, спорттық кубокпен және ақшалай сыйлықпен, барлық ойыншылар медальдармен марапатталды.
Back to Top