АДЫРОВ ТАЙСОНМЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров әлемге танымал америкалық боксшы Майк Тайсонмен кездесті. Кездесу Шешенстан астанасы Грозныйда өтті. Қадыров белгілі боксшыны ислам дінін қабылдағаннан кейінгі есімі Мәлік Әбдул Әзиз есімімен атады. «Жуырда керемет кездесу болды. Біз бокс туралы, оның бүгінгі даму деңгейі жайында көп әңгімелестік, он екі жыл бұрынғы кездесуіміз туралы еске алдық. Майк Тайсон үлкен бокс спортын тастағанымен, әлемде оның танымалдығы мен сый-құрметі азайған емес. Біз де достығымыздың бұдан ары жалғасатынына сенім білдіреміз» дейді Қадыров.
Back to Top