Уразаева Расима

Белсенді факультеттен Уразаева Расима – ең жас қатысушымыз, 17 жаста. Аягөз қаласынан. Жеңіл атлетикамен және тенниспен айналысады. Өте балажан Расима, бос уақытында інісімен түрлі ойындар ойнап, мультфильмдер қарайды. Кішкентай кезінен әскерде қызмет етуді армандапты. «Менің кумирім – менің әкем», - дейді аруымыз. Расиманың мұндай байқауларға қатысуы алғаш рет. Дегенмен ол дайындықтарда өзін жақсы көрсетуде. Ұяң, инабатты, тәрбиелі сұлуымыз өзінің нәзіктілігімен барша көрермендерді баурап алады деген үміттеміз.
Back to Top