- Акцияның мақсаты - жақында бейбіт шеруге шығып, гимн айтып, полицияға түскен азаматтарды қолдау, Қазақстанда таңдау еркіндігі жоқ, сөз бостандығы жоқ деп өз пікірін айтқан азаматтарға қолдау көрсету. Полиция оларды ұстап, 5-15 күнге қамап тастады. Тіпті оған қатыспағандарды да қамады. Не себепті Кореяда өткізіп жатырмыз? Себебі мұнда сөз бостандығы, демократия бар, бізді мұнда ешкім қамамайды. Корея полициясы керісінше акция кезінде бізді қорғады. Осындағы тәртіпті бақылап тұрды. Бүкіл әлемдегі қазақтар осылайша шығып, пікірлерін айтса жақсы болар еді, - деді акцияға қатысушылардың бірі Азаттық тілшісіне.