“Махаббат мәңгі ертегі “ Нұрбол Садуақас

Сәкен Қалымов – Махаббат – мәңгі ертегі Әні: Б.Тұрғараев Сөзі: И.Сапарбай 1. Махаббат деген қандайды, Қарасаң көзің талмайды. Сағынған жанға жете алмай Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды. Қ-сы: Ғашықсыз өмір өмір ме? Егілме, жаным, егілме, Көктегі күнге қол созған Не дерсің мынау, не дерсің мынау көңілге?! Күлерсің дағы жыларсың Жыларсың дағы шыдарсың Жазылмас дерттің дауасын Жаным-ау, кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың? 2. Махаббат – өмір ғажабы, Алқызыл гүлдей ажары. «Сүйемін» деген жалғыз сөз Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады. 3. Махаббат – мәңгі ертегі Көңілдің күйін шертеді Ертіп бір жүрсең, шіркін-ай, Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені! #махаббатмәңгіертегі
Back to Top