Денис Теннің ісі бойынша сотталған әйел колониядан босатылды

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева колониядан босатылды. Алматы облысы Іле аудандық соты оның өтінішін қанағатандырып, жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырған. Айта кетейік, 2019 жылдың 17 қаңтарында Жанар Толыбаева 4 жылға сотталған болатын. Сол жылдың наурыз айында ол Алматы колониясында босанды. Еске салайық, 2018 жылдың 19 шілдесінде мәнерлеп сырғанаушы, Денис Тен көлік ұрылары салған пышақ жарақатынан көп қан жоғалтып, сол күні ауруханада көз жұмды. Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш аадам ұсталған болатын. Олардың екеуі - Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға түрмеге тоғытылған еді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top