Батыр — Гүл Алматы

Автор музыки: А. Зацепин Автор текста: Ж. Молдағалиев Жасыл бақтан жаралған, Жан нұрынан нәр алған. Көгімдей көркем көңілдей сайран, Арудай жас қалам. Өркені өскен өмірдей жайран, Ардақты астанам. Қайырмасы Ғашығымдай сүйемiн сені, Арманымдай адал. Алатаудай күн еңселі Гүл Алматым, Гүл Алматым. Сұлу көктем жайнасын нұр гүлің, Сайрасын бұл-бұлың. Туған далам аясы, Дархандықтың саясы. Булағы балдай қыздары қандай, Көк шырша қиясы. Жігітті оттай, қыздары қандай Қырандар ұйясы. Қайырмасы (2 рет) Сұлу көктем жайнасын нұр гүлің Сайрасын бұл-бұлың.
Back to Top