Video by Kazipa Kasymbekova

🌾🌾🍁🍁🌾🍁🍁🍁🌾🍁 1 қазан - Халықаралық қарттар күні 🍂💐 Армысыз абзал жанды қариялар, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сіздер үшін мереке шашулары... 1 қазан - Мұқағали жырына арқау болған ақылы дария қарияларымыздың халықаралық мерекесі. Осыдан 33 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Бас кезінде Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 1980 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Осы бір атаулы күнге орай, ауыл әкімі мен әр саладағы қызметкерлерде өз үлестерін қосты. Айнабұлақ ауылы мен Қарабұлақ ауылының кітапханашылары қарияларды мерекесімен құттықтап, тәтті сыйлықтар табыс етті. Кітапханашылардың ыстық ықыласына риза болған ата-әжелеріміз өз алғыстарын білдіріп, батасын берді.
Back to Top