Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының сахнасында Қазақстанның Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаева өнер көрсетті. Елорда жұртшылығы Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен көрнекті скрипкашының орындауында Американың атақты заманауи композиторы Лоуэлл Либерманның шығармаларын тыңдауға мүмкіндік алды.
Дирижер пультында маэстро, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның Халық әртісі Ренат Салаватов, фортепианода ҚазҰӨУ-дың «Фортепиано және орган» кафедрасының меңгерушісі, профессор Сара Асабаева өнер көрсетті.
Концерттік бағдарламада Тлес Кажығалиев пен Сергей Прокофьев шығармалары орындалды.
Әлемге әйгілі музыканттардың жұлдызды құрамы, өткен заман және бүгінгі күнгі классиктердің өлмес музыкасы, сахнаның жарасымды сценографиясы концертке ерекше атмосфера сыйлады.
1 view
3193
1171
2 weeks ago 00:02:17 2
Blindfolded by Love: The Escape
2 weeks ago 00:07:24 4
Umar Keyn - Lie (DNDM Remix)
2 weeks ago 02:00:00 2
TRANS: The Path to YOURSELF 🔆 the Healing power of shamanic drumming 🔆 Spiritual tribal music