Алматы облысында күздік рапс егіле бастады.

Алматы облысында күздік рапс егіле бастады. Өндірістік мақсаттағы дақылды Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары сеуіп жатыр. Рапс майы металлургия, жеңіл өнеркәсіп, биоотын дайындау ісінде кеңінен қолданылады. Сол себепті әлемде үлкен сұранысқа ие. Бірлескен бастама жүзеге асса, Жетісу жерінде майлы дақыл өңдеу ісі жолға қойылады. Соған сәйкес еліміздің экспорттық әлеуеті де арта түспек.
Back to Top