Мұғалімнің өзі масканы директор келе жатқанда іліп алады

Қазір ел аузында індеттің екінші толқыны келеді, қалалар қайтадан карантинге жабылады, сауда орындарына құлып салынады, жұрт тағы дәрі іздеп сабылады деген сарындағы алып-қашпа әңгіме көп. Қауіпсіздік талаптарын сақтамасаңыздар шектеу шараларына қайта оралуға тура келеді деп сэстегілер де сес көрсетіп қояды. Айта кету керек, Әзірге эпидемиологиялық ахуал тұрақты, осы аптада 4 облыста бірде-бір ковид жұқтыру фактісі тіркелген жоқ деген ақпарат қуантып қойды. Бұл жақсы жаңалық. Енді жайсыз хабар. Оқушылар жұқтырып жатыр. Саны жүзден асып кетті. Дені Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан. Елдің бас дәрігері Цой мырза індетке шалдығатын оқушылар саны артуы мүмкін деген болжам да айтты үкіметте. Мамандардың айтуынша вирустан қорғанудың қазіргі жалғыз жолы бетперде мен әлеуметтік арақашықтық. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top