БІЗ - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ!

“Мәңгілік Ел“ апталығы аясында және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай “БІЗ - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ!“ атты әскери-патриоттық тәрбие шарасы өткізілді. Шараға мектеп оқушыларымен бірге Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі және № 16-ші мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Сайыс барысында балалар алғашқы әскери дайындық сабағында меңгерген білімдерін іс жүзінде пысықтап команда бойынша сынға түсті.
Back to Top