31 жастағы Майра Нұрмұхамбетова астана іргесіндегі аядай пәтерде төрт баласымен тұрады. Тұңғышы тоғызда, кенжесі әлі жасқа толмаған. Екі баласы сал болып туған. Майраның өзіне уақыт бөліп, сергіп қайтуға ақшасы да, уақыты да жоқ. Бірақ оған мұндай мүмкіндікті нұр-сұлтандық блогер бастаған әлеуметтік жоба сыйлады. Ол осы жоба арқылы сұлулық салонына барды.