Алматы облысындағы құс фабрикасы тоғыз айда 90 млн жұмыртқа өндірді.

Алматы облысындағы құс фабрикасы тоғыз айда 90 млн жұмыртқа өндірді. Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналасқан «Сұңқар» құс фабрикасы қысқа ғана мерзімде өнімін үш есеге ұлғайтты. Осыдан сегіз жыл бұрын ашылған фабрика биылғы тоғыз айдың өзінде 90 млн жұмыртқа өндірген. Карантин кезінде бір күнге де жұмысын тоқтатпаған өндіріс орнында бірде-бір адам қысқарған жоқ. Жалпы фабрика ашылғанда 55 адам жұмыс істесе, қазір жергілікті 100 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Барлығы жақын маңдағы ауыл тұрғындары.
Back to Top