Илья Ильин по математике / Физмат түлектерінің IMO-2015, IPhO-2015 олимпиадаларындағы жетістіктері

2015 жылдың шілде айының 5 мен 12-сі аралығында Үндістанда 86 елден 382 оқушы қатысқан 46-шы Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) өтті. Қазақстан командасы бір алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Алтын медалді Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушысы Құрмантаев Дәулет иеленді. РФММ оқушысы Елшібеков Халықбек мақтау қағазымен марапатталды. 2015 жылдың 4-16 шілдесі аралығында Таиландта әлемнің 104 елінен 600-ге жуық оқушы қатысқан 56-шы Халықаралық математикалық олимпиадасы (IMO) өтті. Қазақстан командасы алтын, күміс және 2 қола - барлығы төрт медалді жеңіп алды және оның 3-і РФММ-ға тиесілі. Осы олимпиадада РФММ оқушылары тамаша нәтиже көрсетті. Исмаилов Ахан ТМД елдерінен қатысқан оқушылардың арасынан ең үздік көрсеткішке жетіп, алтын медальді иеленсе, Қадыракунов Олжас күміс медаль ал, Абдрахманов Ален қола медальмен марапатталды. Қазақстан командасы әлемнің 104 елінен қатысқан додада 25-ші орынға тұрақтады. Исмаилов Ахан 2014 жылы ІМО-да алтын медальді иеленген бірінші физматтық
Back to Top